ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты — білім алушылардың жаратылыстану және ағылшын тілі  пәндерін терең игеруіне, олардың шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары мен олардың негізінде әзірленетін мамандандырылған жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ-нің оқу жоспары Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің  орта білім беру комитетімен келісілген және «Білім-инновация» ХҚҚ-МЕН бекітілген.

Лицейге жалпы мектептің 6-сыныбын бітірген және қабылдау емтиханынан өткен оқушылар қабылданады.

Лицейде оқу төрт тілде:   қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы,  география, «Адам. Қоғам. Құқық», дүниежүзі тарихы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру,технология – қазақ тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, информатика ағылшын тілінде;  түрік тілі – түрік тілінде; орыс тілі, орыс әдебиеті – орыс тілінде оқытылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасында негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы

Негізгі саты (7-9 сыныптар)

Негізгі сатыдағы білім мазмұны негізінен аяқталған болып саналады және оқушылардың әрі қарай білім берудің одан арғы бейінін таңдауға кәсіптік бағдарын айқындауға дайындау үшін жағдай жасалынады. 

Негізгі сатының жоспары «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларынын № 105-106 қосымшаларының  негізінде жасалған.

Негізгі саты шартты түрде екі сатыға бөлінеді: негізгі орын алатын 7 сыныптар және 8-9  сыныптар (бейін алдындағы сыныптар).

7 сыныптан бастап оқытудың мақсаты: бұл уақытқа дейін оқушылар  «Білім-инновация» лицейлерінің оқу жоспарын менгеруге даярлық білім негізін меңгереді. 

Лицей оқушылары ағылшын және түрік тілін игерулері қажет. Оқушылар бұл тілдерді үйрену арқылы ғылым негіздерін көп тілде қабылдай алады. Осыған байланысты 7-ші сыныптың оқу жоспары өзгеше. 7-сыныпта бірінші жартыжылдықта физика, химия, биология сабақтары оқытылмайды. Бұл пәндер екінші жартыжылдықта ағылшын тілінде оқытылады.

7 сыныптарда ағылшын тілі А0 деңгейден бастап, аптасына 9 сағат оқытылып 16 аптада  жаратылыстаңу –математикалық бағыттағы пәндерді оқутыға байланысты Cambridge университеті ұсынған межеге сай  қажетті тілдік деңгейде меңгерген оқушылар жаратылыс-математика бағыттардағы пәндерді оқи алады.   8 сыныптарда ағылшын тілі А2 деңгейден бастап В1 деңгейін менгеру үшін аптасына 8 сағат оқытылады. 8-9 сыныптарда бір жағынан негізгі мектептін базалық пәндерінен жалпы білім беру дайындығы аяқталады, екінші жағынан лицейдің жоғарғы сатында білім алушылардың бейіндік оқыту қырын саналы түрде анықтауға мүмкіншілік жасайды. Соңдықтан, 8-9 сыныптарында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерді кеңейтіп және тереңдетіп оқыту жүзеге асырылады.

Толығымен алғанда, негізгі саты күрделі танымдық процестерге өту үшін арнайы бейім мен дағдыны қалыптастыратын білім мазмұнын байыту және жеделдету стратегиясына бағытталған базалық білім беруді; жалпы дамуды және арнайы курстарды таңдауды, оқушылардың жеке оқу бағдарламасын құру үшін мүмкіндіктер жасауды, білім беру саласына сәйкес ерте бейіндендіруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жоғарғы саты (10-11 сыныптар)

Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-лицейдің 10-11-сыныптарына арналған жұмыс оқу          жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы   3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары білікті мамандармен шарттық негізде жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін қаражат бөлінді.

7–11 сыныптардың таңдау курстары,  дамытушылық сипаттағы сабақтары, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін бейіндік пән сабақтары, апталық сабақ кестесіне енгізілген.