Жетістіктер
1993-2025 жылдар арасында лицей оқушыларының облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардағы жетістіктері:
901
І орын
982
ІІ орын
1061
ІІІ орын
2944
Барлығы
Лицей оқушылары әлемдік деңгейдегі білім сайыстарында еліміздің бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеп жүр.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосып отырған лицей ұжымының үлесі мен шәкірттерінің білімі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды: «Лучшая олимпийская школа – 2003», «Лучшая школа – 2006-2013» О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша, «Үздік команда – 2009», 2018-2022 жылы Республика бойынша 131 мектеп ішінен «ОЛИМП ШЫҢЫН БАҒЫНДЫРҒАН МЕКТЕП», 2022 жылы облыс әкімдігінің «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ ГРАНТЫ -2022» марапатталды.