Жиі қойылатын сұрақтар

Форманы толтыру кезінде қате жіберген болсаңыз, өзіңіз таңдаған лицей әкімшілігіне хабарласып, қандай қате жасағаныңыз туралы айтып беріңіз. Лицей әкімшілігі қатені түзетіп, сізге жаңа “емтиханға кіру рұқсатнамасын” жібереді. Егер қатені түзету мүмкін болмаса, онда лицей әкімшілігі сізден қайтадан тіркеуден өтуді сұрауы мүмкін.

Қабылдау емтиханында ең жоғары нәтиже көрсеткен (рейтингтік көрсеткіш бойынша) белгілі оқушы саны лицейге түседі. Қабылданатын оқушы саны әр лицейдің белгілеген санына байланысты болғандықтан шекті ұпай болмайды.

Емтихан тегін тапсырылады

bilemtihan.kz сайтында қабылдау емтиханына тіркелген үміткерлер емтиханға дайындалу мақсатында алдыңғы жылдары шыққан сұрақтар бойынша сынақ тесттерден өте алады.

“Білім-Инновация” лицейлерінде ақылы бөлім қарастырылмаған.

Жоқ, конкурстық іріктеу кезінде үміткердің мектебіндегі оқу үлгерімі назарға алынбайды.

Емтиханға кіру үшін үміткердің өзімен бірге қағазға басып шығарылған “емтиханға кіру рұқсатнамасы” (пропуск) және туу туралы куәлігі болуы тиіс.

Әлеуметтік осал топтарына төмендегі азаматтар жатады:

  • — мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  • — ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  • — мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • — отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • — төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • — экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының балалары;
  • — мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары.