Мектеп басқармасы


- Лицей өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларына, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгі ережесіне, Қазақстан Республикасының білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы «Қазақстан Республикасындағы «Білім-инновация» лицейлерінің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы» Меморандумға, Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы Шартқа, басқа да нормативтік актілерге, Ақтөбе облысы әкімдігі және облыстық Мәслихаттың актілеріне және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
- Құрлытайшы – Ақтөбе облысының әкімдігі. Ақтөбе облысының білім басқармасы (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) Лицейді басқаруды жүзеге асыратын орган болып табылады.
- Білім беру қызметінде әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асыратын орган «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қоры.