Ақтөбе облыстық білім басқармасы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе  облыстық мамандандырылған «Білім-инновация»  лицей-интернаты коммунальды мемлекеттік  мекемесінің өзін-өзі бағалауы

 

 

Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе  облыстық мамандандырылған «Білім-инновация»  лицей-интернаты    өзінің қызметін 2017 жылғы маусым айының 13-і күні. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті № KZ94LAA00009470 білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия,  Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы Ақтөбе облысы Әділет департаментінің  Қайта тіркелу туралы аңықтама 26.05.2017жыл аңықтамасы, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы мамыр  айының 02-і күні № 123 қаулысымен бекітілген Жарғы негізінде жүргізеді.

Заңды мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесі, 263А үй, байланыс телефоны: 8 (7132) 564578, факс 8 (7132) 562322, электрондық почтасы aktobe_bil@mail.ru,  сайт bilagtobe.edu.kz

 Лицей-интернат бес қабатты ғимаратта орналасқан. 1,2,3- қабатта жалпы ауданы – 808,0  шаршы метрді құрайтын 21 оқу кабинеті орналасқан, бір оқушыға 2,8 шаршы  метр келеді.  4,5-қабаттағы жатақхананың жалпы ауданы – 4699,1 шаршы метр құраса, жатақхана бөлмелерінің ауданы – 985,2 шаршы метр болып табылады. Бір оқушыға 4,4 шаршы метрден келеді. Бұл санитарлық ережелер мен нормаларға сай келеді.

Лицей директоры Омаров Бактияр Шайманович (пед. өтілі-19 жыл, әкімшілік өтілі-10 жыл)

Директордың оқу жөніндегі орынбасары Дузимова Алтынгул Мажитовна (пед. өтілі-27 жыл, әкімшілік өтілі-15 жыл)

Директордың  оқу жөніндегі орынбасары Сабитов Аян Баянбекович (пед. өтілі-18 жыл, әкімшілік өтілі-3 жыл)

Директордың бейіндік оқыту жөніндегі  орынбасары Бермагамбетова Нурила Абилдаевна (пед. өтілі- 23 жыл, әкімшілік өтілі-4 ай)

Директордың бейіндік оқыту жөніндегі  орынбасары Валиева Айнур Сабитовна (пед. өтілі- 23 жыл, әкімшілік өтілі- 4 ай)

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Акильжанова Айгерим Бакиевна (пед. өтілі- 10 жыл, әкімшілік өтілі- 8 ай)

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Джалгасбаев Базарбек Ахметович (пед. өтілі- 8 жыл, әкімшілік өтілі- 4 ай)

Жатақхана меңгерушісі Боранбай Бекзат (пед. өтілі- 4 жыл, әкімшілік өтілі- 4 ай)

 

Оқу –тәрбие үдерісін ұйымдастыру

 

Лицей қызметінің мақсаты:

  • оқушыларға қоғамдық және ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі даму талаптарына сәйкес келетін терең білім алуға, көптілді ғылым негіздерін білуге және оларды өз бетінше толықтыру қабілетін игеруге негізделген негізгі және жалпы орта білім беру;
  • дарынды балалар үшін мамандандырылған және жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды енгізу, жүзеге асыру;
  • оқушылардың элитарлық білім алу құқығын қамтамасыз ету;
  • оқушыларға құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру;
  • білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

 

Лицей-интернат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конситуциясын, ҚР «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы» Заңдарын, ҚР «Жалпыға бірдей білім беру мемлекеттік стандарты», «Білім-инновация» ХҚҚ-ның ережесі, Лицей-интернат Жарғысын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық  актілерін басшылыққа алады.

    Лицей-интернат мемлекеттік білім беру мекемесі ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын жүзеге асырады.  Лицейдің  оқу жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген 3-қосымшаға сәйкес «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы, «Қазақстан Республикасында негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен), «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген және 2022-2023 оқу жылына арналған оқу жоспары «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ  31.08.22 ж. бекітіліп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетімен 31.08.2022 ж. келісіліп жасалған.

Лицей-интернат  жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс жасайды.

          Лицейге жалпы мектептің 6-сыныбын бітірген және қабылдау емтиханынан өткен оқушылар қабылданады.  Лицейде оқу үш тілде:   қазақ, ағылшын  және орыс тілдерінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы,  география, «Адам. Қоғам. Құқық», дүниежүзі тарихы, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру, технология– қазақ тілінде; ағылшын тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, информатика ағылшын тілінде;  орыс тілі мен әдебиеті – орыс тілінде оқытылады.

    Оқу жоспарының құрылымында мыналар белгіленген:

   1. Лицейлердегі базалық білім мазмұнының өзегін көрсететін инварианттық оқу жүктемесі;

   2. Оқушылардың мүдделігі мен қабілеттеріне сәйкес олардың жеке тұлғасын дамытуға бағытталған вариативтік оқу жүктемесі, білім беру салаларында белгіленген пәндерді оқытуға (соның ішінде тереңдетіп оқытуға), жаңа оқу курстарын, факультативтерін енгізуге, дара және топтық сабақтар жүргізуге пайдаланады.

   Лицейлерде 7-11 сыныптарда «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығына 5-қосымшаның 2-тарау 15-тармағы негізінде саралап және жекелеп оқыту міндеттерін шешу шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка және шарт негізінде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу үшін жылына 1500 сағат бөлінген.  

Негізгі сатының жоспары «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының №71 қосымшасының  негізінде жасалынған.

Негізгі саты шартты түрде екі сатыға бөлінеді: негізгі орын алатын 7 сыныптар және 8-9 сыныптар (бейін алдындағы сыныптар). 7 сыныптан бастап оқытудың мақсаты: бұл уақытқа дейін оқушылар  «Білім-инновация» лицейлерінің оқу жоспарын меңгеруге даярлық білім негізін меңгереді. Лицей оқушылары ағылшын және түрік тілін игерулері қажет. Оқушылар бұл тілдерді үйрену арқылы ғылым негіздерін көп тілде қабылдай алады. Осыған байланысты  7-ші сыныптың оқу жоспары өзгеше. 7-сыныпта бірінші жартыжылдықта физика, химия, биология сабақтары оқытылмайды. Бұл пәндер екінші жартыжылдықта инварианттық бөліктегі мамандандырылған компоненттегі сағаттармен бірігіп аптасына екі сағаттан ағылшын тілінде оқытылатын болады. Сонымен қатар, 7-сыныпта алгебра пәні бірінші жартыжылдықта аптасына инварианттық бөліктегі мамандандырылған компоненттегі сағат есебінен үш  сағаттан оқытылса, ал екінші жартыжылдықта аптасына екі  сағаттан оқытылады. Сондықтан 7-9 сыныптардың оқу жоспары екі жартыжылдыққа бөлініп құрастырылған.

Ағылшын тілі А0 деңгейден бастап, аптасына 9 сағат оқытылып 16 аптада  жаратылыстану –математикалық бағыттағы пәндерді оқытуға байланысты Cambridge университеті ұсынған межеге сай  қажетті тілдік деңгейде меңгерген оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттардағы пәндерді оқи алады.

8 сыныптарда ағылшын тілі А2 деңгейден бастап В1 деңгейін меңгеру үшін аптасына 6 сағат  (5+1) оқытылады.

Негізгі саты (7-9 сыныптар)

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 (2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен) бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының №71 қосымшасының  негізінде жасалынған.

         Оқу жоспарының вариативті компонентінде элективті курстан 7а, ә сыныптар үшін «Түрік тілі» (екінші шет тіліне) — (4) 8 сағат, бірінші жартыжылдыққа география пәніне (0,5) 7а, ә сыныптарында — 2 сағат бөлінді. Жаһандық құзыреттіліктен 7а, ә сыныптар үшін бірінші жартыжылдықта «Азаматтылық және патриотизм»  бөлінді.

Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздерінен заман талабына  сай  заманауи технологиялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» (информатикаға) — (1) 2 сағат, оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыру, эссе жазуға үйрету мақсатында қазақ тіліне (1) 2 сағат бөлінді. Жоба негізінде оқыту (PBL), яғни жобалау  арқылы білім бере отырып, оқушылардың Ақтөбе өлкесің терең білу мақсатында Қазақстан  тарихы пәнінен  «Туған жерге тағзым» (1) 2 сағат бөлінді.

      Оқу жоспарының вариативті компонентінде оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу мақсатында  жаһандық құзыреттіліктен 8а, ә сыныптар үшін бірінші жартыжылдықта « Медиасауаттылыққа» бөлінді.

       Электив курс  компонентінен 8 а,ә сыныптар үшін  «Түрік тілі» (екінші шет тіліне) барлығы -(3) 6 сағат  және  оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру  мақсатында  «Introduction to Preliminary English Test»  ағылшын тіліне – (1) 2 сағат, оқушының тарихи дүниетанымын  кеңейту, өз бетімен ойын жүйелей білуге үйрету, қосымша деректерді қолдана отырып тарихи сананы қалыптастыру мақсатында  «Этносаралық қатынастардың  қалыптасу  тарихы»  Қазақстан  тарихы пәніне  — (1) 2 сағат бөлінді.

                   Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздерінен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденіс жұмыстарына баулу барысында 8 а сыныбы үшін «Application of physics in real life»  1  сағат «Физика» пәніне, 8 ә сыныбы үшін «Сөз өнері және сөйлеу мәдениеті»  1  сағат «Қазақ тілі» пәніне бөлінді. Заман талабына сай  заманауи технологиялар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Робототехника» (информатикаға) — (1) 2 сағат және оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыру, эссе жазуға үйрету мақсатында қазақ тіліне (1) 2 сағат бөлінді.

                 Вариативті компоненттен жаһандық құзыреттіліктен 9 а, ә сыныптар үшін «Зайырлылық және Дінтану негіздері» -(1) 2 сағат бөлінді. Электив курс  компонентінен       9 а,ә – сыныптарына «Түрік тілі» (екінші шет тіліне) барлығы — (3) 6 сағат  және   экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, пәнге деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында  «Географиялық қабық және қоршаған орта экологиясы» география пәніне (1) 2 сағат, оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайын терең түсіні мақсатында  «Тәуелсіз Қазақстанның саяси- экономикалық жағдайы(ХХ ғ.басы-ХХІ басы)» Қазақстан тарихы пәніне — (1) 2 сағат бөлінді. Оқушылардың заманауи технологияларды, программа құруды терең білу мақсатында «Programming on Thunkable» информатика пәніне (1) 2 сағат бөлінді.

Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздерінен  Жоба негізінде оқыту (PBL), яғни жобалау  арқылы білім бере отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу мақсатында «Адам және қоршаған орта табиғатының экологиясы»  биология  пәніне 9ә сыныбында  1 сағат және 9а сыныбы үшін «Қазақ тіліндегі талдау түрлерін меңгерту әдістері»   1  сағат «Қазақ тілі» пәніне бөлінді.  Оқушылардың тілдік қабілеттерін арттыру,  эссе жазуға үйрету мақсатында қазақ тіліне (1) 2 сағат бөлінді.

         Үйірме сағаттарынан 7 а,ә сыныптарына оқушыларға  халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп, бойына сіңіре білуге дағдыландыру мақсатында  домбыра  үйретуге (1)-2 сағат ,  8 а,ә  сыныптарының оқушыларының  ұлттық спортқа қызығушылығын дамыту, ойлау қабілетін, санасын, шығармашылық қиялын, болжау қасиетін дамыту мақсатында тоғызқұмалақ үйіретуге (1) – 2 сағат, 9 а сыныбына оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру мақсатында драма үйірмесіне 1 сағат, 9 ә сыныбына оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ана тілін құрметтеу, көркем әдебиетті сүюді қалыптастыру мақсатында тіл мәдениеті үйірмесіне 1 сағат, 9 а,ә сыныптары оқушыларының логикалық қабілетерін дамыту, төзімділігін арттыру және дарынды жеке тұлға қалдыптастыру мақсатында (1) – 2 сағат шахмат үйірмесіне бөлінді.

«Жол жүру ережелері» кіріктірілген оқу бағдарламасы сынып сағаттарының есебінен және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі де, тақырыбы мен мерзімі сынып журналының жеке бетіне жазылады.

 7-8-сыныптар – әр сыныпта 10 сағаттан өткізіледі.

  «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы   міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б)  практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты   «Өмір қауіпсіздігінің негіздері»    курсын оқыту:

 – 7-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында 15 сағат;

 –10-сыныптарда «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.

 

Жоғарғы саты (10-11 сыныптар)

Жалпы білім беретін мектептің, мектеп-лицейдің 10-11-сыныптарына арналған жұмыс оқу          жоспары төмендегі құжаттар негізінде әзірленді:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы   3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген 4-қосымшаға сәйкес «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;

         Оқу жоспарының вариативті компонент негізінде таңдау бойынша пәндерден      10 а,ә — сыныптар үшін «Түрік тілі» (екінші шет тіліне) барлығы — (2) — 4 сағат және тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру мақсатында «IELTS Course»  ағылшын тіліне — (1) 2 сағат, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу мақсатында «Биохимия негіздері» биология пініне — (1) 2 сағат бөлінді.

Элективті курстан  бейіндік пәндер мен қолданбалы курстарды  тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мақсатында «Күрделі тригонометриялық теңдеулері мен теңсіздіктерді шешу әдістері» (1) 2 сағат, «Practice to SAT exams» — (1) 2 сағат математика пәніне бөлінді.  Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім алушылардың графикалық қызметін қалыптастыруға бағытталған «3D modeling» — (1) 2 сағат информатика пәніне  бөлінсе, өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Advanced Placement course» химия  пәніне (1) 2 сағат бөлінді. Эссе жазуға үйрету мақсатында қазақ тіліне (1) 2 сағат бөлінді.

Салауатты  өмір салтын насихаттау және спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 10 а,ә сыныптарына «Волейбол ойыны әдіс-тәсілі» дене шынықтыру: спорттық ойындар пәніне — (1) 2 сағат бөлінді.

Қазіргі жағдайда болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 10 сыныпқа оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі жаһандық құзіреттілік бағыты бойынша аптасына (1) 2 сағаттан жүргізіледі.

Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздерінен  оқушылардың тілдік құзыреттілігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Лингвист»  1 сағат қазақ тілі пәнінен 10ә сыныпқа бөлінсе, 10 а сыныбына «Тайны стилистики» орыс тілі пәнінен  1 сағат бөлінді. Оқушыларға оқиға/хикая арқылы ақпаратты жеткізу білу әдісін, аудитория алдында еркін сөз сөйлеу білуді үйрету мақсатында «Сторителлинг» курсына (1) 2 сағат бөлінді.

Вариативті компонент негізінде таңдау бойынша пәндерден 11 а,ә — сыныптар үшін «Түрік тілі» (екінші шет тіліне) барлығы — (1) — 2 сағат және тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру мақсатында «Best tips for IELTS»  ағылшын тіліне — (1) 2 сағат және оқушылардың сөз өнеріне қызығушылығын ояту, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал жасау, өз ойын ауызекі және жазба тілде еркін жеткізе білуге үйрету мақсатында қазақ тілі пәніне «Қазақ тілінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» —  (1) 2 сағат бөлінді.

Элективті курстан  бейіндік пәндер мен қолданбалы курстарды  тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мақсатында «Practice to SAT exams» — (1) 2 сағат математика пәніне бөлінді. Орыс тілінің қызметін жүйелі меңгерген, 11 сынып оқушыларының емтиханға дайындық көмек ретінде «Теория и практика» орыс тілінен (1) 2 сағат, оқушыларға жүйелі білім беру, функционалдық сауатылығын, ҰБТ-ға дайындау қабілетін арттыру мақсатында «Тропеическая система стилистики» — орыс тіліне — (1) 2 сағат бөлінді. Оқушының тарихи дүниетанымын  кеңейту, өз бетімен ойын жүйелей білуге үйрету, қосымша деректерді қолдана отырып тарихи сананы қалыптастыру мақсатында Қазақстан  тарихы пәніне  11а сыныпта «Тәуелсіз Қазақстан» —  1 сағат, 11ә сыныпта «Тарих тағылымы» —   1 сағат     бөлінді.

Салауатты  өмір салтын насихаттау және спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 11 а,ә сыныптарына «Баскетбол ойын техникасының элементтері» дене шынықтыру: спорттық ойындар пәніне — (1) 2 сағат бөлінді.

Оқушылардың кәсіпкерлік саласының негізгі ұғымдары мен заңдарын зерделеуге, білім алушылардың іскерлік ойлауын қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымды таңдауға, қазіргі жағдайда болашақта өз бетінше өмір сүруге арналған дағдыларды қалыптастыруға бағытталған  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 11-сыныпқа оқу жоспарының вариативтік компонентіндегі жаһандық құзіреттілік бағыты бойынша аптасына (1) 2 сағаттан жүргізіледі.

«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Шығармашылық пен зерттеушілік қызметінің негіздерінен оқушыларға математиканың практикалық маңыздылығын таныту, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасау, практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика пәні бойынша  «Математикалық сауаттылық» — (1)  2 сағат және өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Physiology of plants 1 hour per week» биология пәніне (1) 2 сағат бөлінді.

 Үйірме сағаттарынан 10 а,ә сыныптарына оқушылардың  рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін, пікірсайыс теориясын меңгерген тұлға қалыптастыру мақсатында дебат үйірмесіне (1) — 2  сағат және оқушылардың оқырмандық, көрермендік талғамын қалыптастыру, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында драма үйірмесіне (1) – 2 сағат, ата-бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт-дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру мақсатында «Сөз додасы» үйірмесіне (1) 2 сағат және дене қозғалысының жаттығулары үшін волейболға (1)-2 сағат бөлінді.

    Жоғары санатты мамандармен жекелеген  курстар және дәрістерді ұйымдастыру үшін  жылына 1500 сағат бөлінеді.  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінен  оқытушыларымен келісім шарт арқылы  физикаға  – 180 сағат, математикаға – 170 сағат, биологияға -100 сағат,  химияға – 175 сағат, географияға  – 160 сағат, орыс тіліне– 120 сағат, қазақ тіліне – 220 сағат, ағылшын тіліне– 100 сағат, тарихқа– 100 сағат бөлінген.

БИЛ-да 5 күндік оқу аптасы белгіленген. Сабақ уақыты 45 минуттан. 2022 – 2023  оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат негізінде оқу сабақтары 1 қыркүйектен басталады, оқу жылының ұзақтығы  7-11 сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды. Каникул уақыты әдістемелік нұсқау хатпен сәйкестендірілген.

         Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базасы толық жинақталған және жүзеге асырылады.

ҚМЖ (сабақ жоспарлар) ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 382 бұйрығына сәйкес жасалынған.

 2022-2023 оқу жылындағы білім алушылардың саны -256 оқушы, сынып комплектілері — 10, оның ішінде: 7-сынып — 2 , 8-сынып -2 , 9-сынып -2 , 10- сынып — 2, 11-сынып – 2.  7-сыныпта 51 оқушы, 8-сыныпта 52, 9-сыныпта 53, 10-сыныпта 50, 11-сыныпта 50 оқушы білім алуда.  Ұлттық құрамы: қазақ -249,  қырғыз-1, кәріс-1, азербайжан-1, түрік-4.

       Оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №376 бұйрығымен 2022-23 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесінің негізінде оқулықтарға, сұраныс берілген. Тапсырыс берілген оқулықтар толығымен алынған. 7 класс оқушылары «Астана-кітап» баспасынан шыққан физика, химия, алгебра, геометрия жаңа оқулықтармен, 8-9-10-11 класс оқушылары жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша шығарылған жаңа оқулықтармен, қазақ және ағылшын тіліндегі көркем әдеби кітаптармен толықтырылып, қамтамасыз етілген.  Жыл сайын лицей  кітапханасына  әр сынып бойынша жаңадан  оқулықтар Облыстық білім бөлімінен  жеткілікті  түрде  беріледі.   Осы оқу жылында оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілген. Қазақ тілінде оқытылатын пәндер «Атамұра», «Мектеп» баспасынан және АӘТД пәні «Келешек» баспасынан басылып шыққан оқулықтармен оқытылады.

Оқушылардың қосымша білім алу ресурстарына қол жеткізу (интернет, ақпараттық ресурстар)

    АО «БАЙНУР» интернет провайдері (ADSL-оптическо-проводной) интернеттің жұмыс жасау жылдамдығы 200 Мб/с. Жалпы лицейде барлық оқу кабинеттеріндегі компьютерлер  интернет жүйесіне қосылған. Оқушыларға сабақтан кейінгі уақытта  интернетті пайдалану үшін қосымша кабинет (2-қабатта)  жабдықталған.

Мұғалімдердің сабақтарына кіру кестесі, іске асырылуы және кері байланыс

Әкімшілік мүшелерінің мұғалімдердің сабақтарына қатысу кестесі құрылған, сабақтарға кері байланыс жасалынған. Лицей мұғалімдері /bil.org.kz/ сайттына кіру арқылы сабағына кірген мұғалімнің кері байланысын көруге болады.

Лицей әкімшілігінің 2-тоқсан және қараша айы бойынша сабаққа қатысу:  Омаров Бактияр Шайманович (директор) — 15 сабақ,  Дузимова Алтынгул Мажитовна (ДОІЖО) – 22 сабақ, Сабитов Аян Баянбекович (ДОІЖО) – 15 сабақ, Валиева Айнур Сабитовна (ДБЖО)- 8 сабақ.

 Критериалды бағалау бойынша 7 сыныптар үшін тоқсандық жиынтық бағалау мен модерация жоспарлануы

7 сынып оқушыларының тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерін талдау мақсатында 2022 жылы 2 қазанда №153 н/қ «Модерация өткізу бойынша комиссия құру туралы» бұйрық шығарылған, ТЖБ өткізу кестесі жасалынған, 7-сыныптарда қазақ тілі, қазақ әдебиеті (пән мұғалімі Базаргалиева Б.), алгебра (пән мұғалімі Нурлыбай Н), орыс тілі мен әдебиеті (Баймуратова З), ағылшын тілі (Жаканова Г.) пәндерінен жазбаша жұмыстар (әр сыныптан бір «5», бір «4», бір «3» алған жұмыстар) тексерілді, модерациялау отырысының хаттамасына жазбаша жұмыстар талапқа сай тексерілген деген қорытынды жазылды.

          Білім Тексеру Сынақтары қорытындылары бойынша талдау жүргізу, саралап оқытылудың қолданылуы, білім сапасы

Білім тексеру сынақтарын 7-10 сыныптарды өткізу мақсатында 2022 ж. 7 қазанда  № 161  н/қ бұйрығы шығарылған. Қараша айының 11 күні өткізілген  №2 педагогикалық кеңес І-тоқсан бойынша оқу сапасына талдау жүргізілген, педагогикалық кеңестің шешімі бойынша 8 А, 8 Ә және 10 А сыныптарының білім сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспарланып, орындалып отырылуы пән мұғалімдеріне жүктелген.          

Барлық сыныптар бойынша 29 оқушы-«үздік», 161 оқушы-«жақсы», 67 оқушы-«қанағаттанарлық».

Лицейде оқушылардың пәндерден білім сапасын сырттай бағалау мақсатында тоқсан сайын БТС (білім тексеру сынағы) өткізіледі. 2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында өткізілген БТС қорытындысы №2 педагогикалық кеңесте қаралып, талдау жүргізілген.

2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында өткізілген БТС емтиханының нәтижесінде лицей-интернат барлық лицейлер (32 лицей)арасында 10-шы орында.

Жалпы рейтинг бойынша «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері арасында 7-сыныптар 12-орында, 8-сыныптар 10-орында, 9-сыныптар 9-орында, 10-сыныптар  10-орында.

БТС-1 нәтижесі бойынша 7-сынып оқушылары жоғары көрсеткіш көрсеткен пәндер: қазақ тілі,  орыс тілі, Қазақстан тарихы, түрік тілі. Орташа көрсеткіш: математика, география. Төмен нәтиже көрсеткендер жоқ .

Барлық сыныптар бойынша 29 оқушы-«үздік», 161 оқушы-«жақсы», 67 оқушы-«қанағаттанарлық».

1-тоқсанның білім сапасы және Білім тексеру сынағының нәтижесіне талдау жасай келе, төмен көрсеткіш көрсеткен пәндердің оқытылу сапасының 2-тоқсан барысында әкімшілік тарапынан қадағалануы ескертілді, олқылықтарды жою бойынша лицейішілік жоспар әзірленіп, үлгерімі төмен оқушылардың тізімі жасалып, қосымша сабақтар кестесі бекітілген.

 Саралап (differentiated learning) оқытудың қолданылуы (қосымша  сабақтар, оқушыларды ынталандыру, нашар оқитын оқушыларды қолдау бар ма? Нәтиже, тапсырма, ресурс бойынша саралау)

 Биылғы оқу жылының басында 7 –сыныптарда оқушылардың ағылшын тілін меңгеруіне байланысты  емтихан (тест) алынып, деңгейлеп  оқыту жүйесі бойынша 2 топқа бөлініп оқытылады. Оқушыларды жоба негізінде оқыту жүйесі қолға алынған (әртүрлі жобалар жасау арқылы).

      Ұстаздардың оқушылардың функционалдық сауаттылығын (теориялық білімін практикада қолдану) дамытуға жұмыс жасауы (практикалық жұмыстар, проблема шешу, сыни тұрғыдан ойлау, коммуникативті құзыреттіліктер) Практикалық және тәжірибелік сабақтардың өтуі.

        2022-2023 оқу жылына арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру іс-шаралар» туралы жоспары жасалынып бекітілген. Жоспар бойынша жұмыстар жолға қойылған. Тіл және математика мамандары  функционалдық сауаттылық бойынша курстан өткен. Облыстық деңгейде тәжірибелері таратылған. 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ақтөбе облыстық білім басқармасының шешімімен облыс колледждерінің студенттеріне оқу сауаттылығы, физика, биология, химия, математика пәні бойынша мұғалімдер сабақ өткізген.

 1-тоқсан бойынша физика , химия, биология пәні бойынша практикалық және лабороториялық жұмыстар кестесі жасалынған.

 

Кітапхана мен кітапханашы жұмысы жүйелі, тиімді жүргізіледі

    Кітапхана 1 қабатта орналасқан,  жалпы аумағы 90 кв.м. Оқырмандар залы -1 абонементпен бірге орналасқан. Кітапхананың материалдық-техникалық базасы:  кітаптарға сөрелерінің саны-18, кітап көрмесіне арналған ағаш сөре-7, көрме шкафтар саны-7, каталогқа арналған жәшік саны-1, мерзімді басылымдар жәшігі-2, оқу залына арналған столдар саны-20, орындықтар саны-16.Оқу залында оқырмандарға 3 компьютер қызмет етеді, барлығы  интернет желісіне қосылған. Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар және басқа да шаралар оқу залында, немесе лицей мәжіліс залында ұйымдастырылады. Лицей кітапханасының жалпы кітап қорында оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар, көркем әдебиет, электронды оқулықтар мен мерзімдік басылымдар бар.     Кітапхананың жұмыс кестесі-  9.00. — 18.00 дейін ( үзіліс 13.00. — 14.00.), нормативтік құжаттары: кітапхана меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулары, кітапхананы пайдалану ережесі және жұмыс жоспары талапқа сай жасалынған. Кітапханадағы жалпы оқырмандар саны-300. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №376 бұйрығымен 2022-23 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесінің негізінде оқулықтарға, сұраныс берілген. Тапсырыс берілген оқулықтар толығымен алынған. 7 класс оқушылары «Астана-кітап» баспасынан шыққан физика, химия, алгебра, геометрия жаңа оқулықтармен, 8-9-10-11 класс оқушылары жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша шығарылған жаңа оқулықтармен, қазақ және ағылшын тіліндегі көркем әдеби кітаптармен толықтырылып, қамтамасыз етілген.  Кітапхананың кітап қорының көлемі мен ондағы әдебиет саны, мерзімді басылымдар, анықтамалық — библиографиялық және ресми әдебиеттер қажетті құжаттар арқылы, атап айтқанда «Инвентарлық кітапта», «Кітапхана қорының жиынтық есебінің кітабында», картотекаларда рәсімделген. Кітапхананың жалпы кітап қорында оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар, көркем әдебиет, электронды оқулықтар мен мерзімдік басылымдар бар. Кітап қоры оқулықтар, әдістемелер, анықтамалар, энциклопедиялар, газет-журналдар, кітапшалар, көркем әдебиеттерді қосқанда -11560 дана, оқулықтар 7833 дана, әдеби кітаптар — 3097 дана, әдістемелік кітап -125 дана, электронды оқулықтар  -50, газет-журналдар, кітапшалар -455.   Биылғы оқу жылында кітап қоры -1210 данаға артқан.

 

Кітапхана қорына алынған оқулықтар арнайы құжат арқылы кірістіріліп, ескірген, программаға сәйкес келмейтін оқулықтарды есептен шығарып, макулатураға тапсырылады. Әр тоқсан сайын оқулықтардың тазалығына тексеріс жұмыстары жүргізілген. Кітап қорын көркем шығармалармен толықтыру үшін кітап акциясы ұйымдастырылады, ең көп кітап жинап үлесін қосқан класстармен оқушыларға мадақтама қағаздары тапсырылған.   Кітапханадағы әдеби кітаптар әр сала бойынша соның ішінде алфавиттік режиммен қойылған. Анықтама, сөздіктер, энциклопедиялар және де балалар әдебиеті бөлек орналасқан. Оқушылар мен оқытушылардың әдеби кітаптарды үйлеріне алып кетіп оқуына жағдай жасалған. Ретіне қарай анықтамалық әдебиет пен мерзімді басылымдар ашық, қолжетімді түрде беріледі. Оқушылар мен мұғалімдер қосымша қажет материалдарын алып отырады. Әрбір оқырманның оқырман формуляры бар. Кітапханашы сапалы тәрбие беруде, тәрбиелік іс-шараларды өткізуде сынып жетекшілер және тәрбиешілермен бірлесе жұмыс жасайды. Кітапхана жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғашқы аттаған 7 класс оқушыларын саяхатқа шақырып, кітапхана жайлы әңгіме өткізді және өздеріне арналған әсем безендірілген кітаптарды ұсынды. Кітапханада жаңадан түскен кітаптарға көрме жасалып, библиографиялық шолу жасалады. Кітапхана негізінен өз жұмысын лицей-интернаттың оқу-тәрбие жоспарының негізіне бағыттап жүргізеді. Кітапхананың жылдық жұмыс жоспары мектепішілік оқу – тәрбие жұмыстарын және кітапханалық ережелерді басшылыққа ала отырып құрылып, мектеп директорының мөрімен бекітілген. Кітапхананың барлық құжаттары талаптарға сай жүргізілді. Кітапхана, кітап қорын насихаттау мақсатында мәдени – көпшілік және ақпаратты жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізеді. Оқу жылының бас кезінде жаңа оқырмандарын тіркеп, өзіне оқырмандар тартып, мұнда оқушыларға кітапхана қорын насихаттап, олардың сабақтан тыс уақытында өздігінен ізденіп оқуына, кітап қорын дұрыс пайдалануына жағдай жасады. Мектеп оқушылары облыстық, қалалық кітапханалармен жиі байланыс жасайды.  Кітапханада оқушылармен әртүрлі тақырыптарда, ақын-жазушылардың туылған күндеріне, тақырыптық кештерге кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер жасап оқырман назарына ұсынады, оқырмандар конференциясы өткізіліп тұрады. Мысалы, «Менің туған өлкем – Қазақстан», «Тарихи тұлға тағылымы», «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі», «Білім – ортақ қазына», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы», «ҰБТ – білім көрсеткіші», «Абай әлемі», «Ақтөбем – алтын бесігім», «Денсаулық – зор байлық, сауықтыру – салауаттылық кепілі»  тұрақты кітап көрмелері жасақталған. Сондай-ақ кітапхана жыл көлемінде күнтізбелік атаулы күндерге, мерей тойлы ақын – жазушылардың шығармашылығына арналған әр – түрлі формада іс-шаралар өткізді. Тақырыптық кітап көрмесі, зияткерлік танымдық сайыс, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында оқырман конференциясы, әдеби сазды поэзия кеші, виртуалды кітап көрмесі,  танымдық сағаттар өткізіледі. Кітапханадағы іскерлік кездесулер, конференциялар және басқа да шаралар оқу залында, немесе лицей мәжіліс залында ұйымдастырылады. Ақпараттық жұмыстар жүргізу нәтижесінде кітапханаға оқырмандардың келу белсенділігі артқан. Кітапханада мұғалімдер мен тәрбиешілерге, оқушыларға білім саласындағы, және басқа да жаңалықтардан үнемі хабардар болуына жағдай жасап, жыл сайын мерзімді басылымдарға, мұнда, міндетті түрде «Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Ақтөбе», «Қазақстан мектебі», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Тәрбие сағаты», «Білім көкжиегі», «Ұлт ұстазы», «Педагог», «Білім», «Оқыту-тәрбиелеу технологиясы», «Мектептегі мерекелер», «Мұғалім шеберханасы», «Әдіскер мұғалім: әдістемелік бірлестік жұмысы», және тағы басқа газеттер мен әдістемелік журналдарға жазылған.

Кітапханада кітапхана бұрышы бар. Сол бұрышта кітапхананың ережелері, мектеп кітапханасын пайдалану қағидалары, кітапты қолдану ережелері жазылған. Кітапхана жүйесінде алфавиттік, жүйелік каталог бар. Онда әдеби кітаптар алфавит бойынша және де жүйелік бойынша қойылған. Кітапхана жұмысында газет-журнал, мақалалар, балалар мен жасөспірімдер үшін, мақал-мәтелдер, ұлы адамдар өміріне, мемлекеттік тіл, тәрбиеге байланысты, өлкетануға арналған картотекалар жиынтығы жасақталынған.  

    Бағалауда «КҮНДЕЛІК. KZ»  қолдану (e-learning, комментарийлер жіберу). Ата-аналарға оқушылардың білім сапасы бойынша ақпарат жеткізілуі.

Лицей-интернат 2017 жылдан бері «КҮНДЕЛІК. KZ»   жүйесін қолданады. Барлық 34 педагог, 257 оқушы мен ата-аналарға логин мен пароль берілген. Күнбе-күн оқушыларға қалыптастырушы бағалау мен үй тапсырмалары беріліп отырылады.  Әр оқушы мен ата-ананың күнделік жүйесіне кіру арқылы бағалары мен хабарламаларды көруге мүмкіндік жасалынған. 

Жоба негізінде білім беру (PBL-ді) қолдану (жұмыс жасайтын мұғалімдер, көрмелер болуы, нәтижеге бағытталу, жобалардың жүйелі жасалануы )қадағалау, семинар.

        Оқушылардың пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсаттарының бірі оқушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу болып табылады және жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырып,е оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырған. Жобамен жұмыс істеу барысында оқушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен қатар өз жобаларын қорғауды үйренген.

Вариатив сағатынан шығармашылық және зерттеушілік қызмет компонентінен зерттеушілік жұмыс (PBL) жүргізуге сағаттар төмендегідей бөлінген: 7 сыныптарда Қазақстан тарихы пәнінен    «Туған жерге тағзым» жоба негізінде оқыту (PBL) аптасына 1 сағаттан, 8 сыныптарда «Application of physics in real life» физика   пәнінен, «Сөз өнері және сөйлеу мәдениеті» қазақ тілінен жоба негізінде оқыту (PBL) аптасына 1 сағаттан, 9 сыныптарда «Адам және қоршаған орта табиғатының экологиясы» биология пәнінен, «Қазақ тіліндегі талдау түрлерін меңгерту әдістері қазақ тілінен»  жоба негізінде  оқыту (PBL) аптасына 1 сағаттан бөлінген. 

         Қазақстан тарихы пәні мұғалімі – Орынбек Айбол 7 сынып оқушыларын бірнеше шағын топтарға бөліп, зерттеу тақырыптарын ұсынған. «Туған жерге тағзым» материалдарын оқыту кезінде оқушыларға ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім мәлімет беріп,туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейткен. Туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға   бағытталған жұмыстар жүргізілген. Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын зерттеушілік жұмыстың негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру; жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыру болып табылған.Физика  пәні мұғалімі – Ахатов Мейірман 8 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарының үлгі тақырыптарын және оны әзірлеу жолдарын табуға болатын  веб-сайттар арқылы жұмыс жасаған.Қызықты зерттеу тақырыбы оқушыны пән  бойынша білімін тереңдетуге және физика әлеміне енуге көмектескен,  сабақ барысында түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренген.

Биология  пәні мұғалімі – Абдешев Куандық оқушыларға PBL жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің                негізінде жаңалықтар ашуды, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үйретеді. Сабақ мазмұны тірі табиғат туралы білім берумен қатар, бойында адамгершілік құндылықтарға негізделген тәрбие аспектілерін де қамтиды. Биологиялық білім беру білім алушыларды табиғатты сүюге, қоршаған  ортаны қорғауға тәрбиелеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Мұғалім лицейішілік «lesson planning hour»  шығармашылық тобының отырысында атқарған жұмысы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Пәндерді оқыту процесінде білім сапасын жетілдіру мақсатында жеке тұлғаға бағытталған проблемалық оқыту, саралап оқыту тәсілдерін, сонымен қатар іс-әрекет түрлері мен тапсырмаларды ұқыпты іріктеу арқылы дамыта оқыту тәсілдерін қолдану ұсынылады.

Ағылшын тілінде оқытылатын пәндерде «Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» (CLIL) тәсілін қолдану (CLIL-мен жұмыс жасайтын мұғалімдердің болуы, нәтижелі жұмыс жасауы)

Жаратылыстану-математика пәндері лицейде ағылшын тілінде өтеді. 2022-2023 оқу жылында ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдердің саны – 10, барлығында ағылшын тілі деңгейін растайтын сертификаттары (IELTS, APCET) бар.

Жаратылыстану пәндерін ағылшын  тілінде оқытатын педагогтар пәндік  курстардан өткен,біліктілік санаттары және тілдік деңгейін растайтын сертификаттары талаптарға сәйкес.

Апталықтардың өткізілуі (дайындықтың жүргізілуі, жоспардың болуы, жиналыстардың болуы,іс-шаралардың өткізілуі)

2022 -2023 оқу жылдың «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ академиялық жоспары мен «Білім — инновация» лицей-интернатының бейіндік оқу жұмыс жоспарына сай пән апталықтары бекітілген кесте сәйкес жүргізілген.  Барлық апталықтардың  жоспарлары жасалған және оқушылармен күн сайын жасалған шаралары жинақталған.

5 қыркүйек — Қазақстан халқының тілдері күніне орай Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу мақсатында «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» тақырыбында  мерекелік шара ұйымдастырылды. «Тіл -татулық тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімінің атасы» атты бейнематериал көрсетілген.                     

Оқушылардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамытуға ықпал ету, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,оқушылар тұлғасының коммуникативтік дағдылары мен зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында  03.10.-07.10 аралығында «Прекрасная пора! Очей очарованье!» тақырыбында апталық жасалған.

17-21 қазан аралығында дене шынықтыру апталығында салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл, парасатты, еңбекқор ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұлттық ойындар ұйымдастырылған.

   14-18 қараша аралығында  «English speaking countries» ағылшын тілі апталығының мақсаты оқушылардың ағылшын тілін үйренуде тілдік дағдыларын жетілдіру; тіл үйренудегі қызығушылығы мен құштарлығын арттыру; әдеби оқулықтарды тиімді пайдалану жолдарын үйрету; тіл байлығы, мәнерлілігі және бейнелілігі жөнінде білімдерін тереңдету. 7 – 10 кластар арасында топтық «Door flag» сайысы; уоркшоп «Music making»; мұғалімдерге арналған «Taboo» ойыны; 7 – 9 кластар арасында «Spelling Bee» жарыстары өткізілген. Барлық өткізілген шаралар лицейдің әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Мұғалімдердің жаңа технология мен әдіс-тәсілдерді қолдануы (АКТ, белсенді, интербелсенді әдістердің қолдануы)

Лицей-интернат педагогтары жаңа әдіс –тәсілдерді сабақта қолдану, ақпаратты –комуникативті технологияларды пайдалану курстардан өткен. Жаратылыстану  пәндерін оқытуда   АКТ бағдарламаларын  пайдаланудан  «Jeopardylabs» тәжірибелік лаборатория, “Edupage”  платформасы, “Kahoot” қосымшасы, “Quizizz” қосымшасы;  Информатика пәні бойынша  сабақта  «Google apps” платформасында тест, тәжірибе жасау, сабақта түсіндіруге қажетті, ыңғайлы  программалармен  кесте жасау, колобрация жасауға пайдаланылса, сабақ түсіндіруде Prezi.com., coursera.com  бағдарламасы, Google meets kahoot, class dojo, plickers, quizlet, Робототехника  сабағында   https://raulkhanbeissov.wixsite.com/website

-математика, геометрия сабақтарында GeoGebra бағдарламасын мұғалімдер геометриялық, стереометриялық фигуралар салу, есептеу үшін пайдаланылады, сондай-ақ сабақты бекіту кезеңінде білімдерін тексеруге бақылау, тест жұмыстарын алуда, бағалауда Kahoot” қосымшасы, “Quizizz” қосымшасы;

-физика пәні бойынша эксперименттік виртуалды тәжірибелер жасауда  Wordwall.net, phet.colorado.edu бағдарламасын қолданады. Осы сайт арқылы мұғалімдер өзіне пайдалы модельдеулерді сабақта қолданып, виртуалды зертханалар ұйымдастырады. Виртуалды зертханалық жұмыстармен қатар, симуляцияларды интерактивті тақтаны да пайдаланады.

Ағылшын тілін оқытуда лицей мұғалімдері әр-түрлі әдісдермен жұмыс жасайды. Атап айтсақ, «Total-physical response» (физикалық сезіну) әдісі . Бұл әдіс оқыту барысында іс-қимылдар арқылы жүргізіледі. Оқушы  алғашқыда білім алады, ағылшын сөздерін үнемі тыңдайды. Ал кейін оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінеді. «Communication approach» (қарым-қатынас ) әдісі.  Оның ең басты мақсаты- әңгімелесушілердің сөздері түсінікті болуы үшін  адам баласын бір-бірімен тілдік қарым-қатынас  жасауға үйрету. Бұл әдіс түрі ағылшын тілін үйретуде ең жеңіл және қолайлы әдістің түрі болып табылады. Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма). «Audio-Lingual method» (аудиолингвистикалық) әдісі. Оқушы осы іс-әрекетте сөздердің, сөйлемдердің немесе тіркестің дұрыс айтылу жолдарымен және оны аз уақыт көлемінде жаттап алу, оны қарым-қатынас әдісінде қолдану шарттары  бейімделе бастайды. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдістермен қатар рольдік ойындар, интерактивті әдістер, жағдаяттар, стратегиялар  мұғалім  өз таңдауымен қолданады және де  АТҚ кеңінен пайдалануда. Мысалы: Youtube videos, Google Forms,  English Websites , Cambridge University, Quizlet, Podcasts, TED talks т.б.

       Оқушылардың ағылшын тілінен білімін жақсарту мақсатында 7 сыныпта КЕТ емтиханы жылына 2 рет, 8 сыныптарда РЕТ емтихандары-  2 рет, 9 сыныптарда – 1 рет өткізіледі. Емтихан бойынша мониторинг жасалған.            Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытуда сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, проблемалық-зерттеушілік оқыту, АКТ, ойын технологиясының элементтері қолданылаған. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер циклі бойынша Edupage.org, Bilimland, quizizz, wordwall платформалары үйлесімді қолданылып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттыра отырып сабақтың оқу мақсатына қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінін көруге болады.

Оқушылардың өзін-өзі басқару әдістерінің қолданылуы. Президент сайлау, оның мектеп өміріне үлесі, қадағалау, жетілдіру.

          Өзін-өзі басқару ұйымы — “Q-team”, мектеп-лицейінің оқушыларынан құралған, мектеп әкімшілігіне бағынышты, әрі әкімшілік алдындағы мектеп оқушыларының бірден-бір өкілі саналатын ұйым. Өзін-өзі басқару жұмысы – оқушының өзіне деген жауапкершілік сезімін дамытады, тұлға ретінде қоғамдық өмірге араласып, оқушылардың мәселелерін шешуді үйренеді, тәрбие жүйесінде берілген тәлімнің қаншалықты іске асқанын бағалайды.Осы ұйымның кезекті президентін сайлау қазан айының 6-сы күні өткізілген.  Президенттікке үміткерлер: Жақсымбет Әли, Қыдырбай Дінмұхаммед өз жобаларын ұсынды. Сайлауға оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер мен тәрбиешілер қатысқан, нәтижесінде 155 дауыспен  Қыдырбай Димаш лицей Президенті болып сайланған. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспары және мүшелерінің атқару қызметтері бекітілген.

БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жыл сайын «Жас көшбасшылар» құрылтайы өткізіледі. Қараша айында Астана қаласында 40-қа жуық көшбасшылар бас қосқан форумға лицей президенті Қыдырбай Дінмұхаммед қатысып, ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов кездескен.

Оқушылардың тиімді білім алуы үшін оқушы-мұғалім-ата-ана бірлескен әрекет етуі

Оқушылардың тиімді білім алуы үшін «оқушы-мұғалім-ата-ана» бірлесіп әрекет еткен кезде жақсы нәтижеге қол жетеді. Отбасының бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Лицейде ата-аналармен, оқушының отбасымен танысу, олармен біріге отырып, оқушыны тәрбиелеу оңтайлы да ұтымды жолға қойылған. Оқу жылы барысында 2 ата-аналар жиналысы, 2 рет педконсилиум өткізіледі. Тоқсан сайын педконсилиум өткізіледі. Онда мұғалім мен ата-ана бетпе-бет отырып, баласының оқу-тәрбиесі туралы ашық пікірлесе алады. Педконсилумда кері байланыс жасалынған.  Ата-аналар оқу жылы барысында оқушыларға тәрбие сағаттарын өткізіп, өмір тәжірибелерімен ой бөлісіп отырады.

Оқушылардың жетістіктерін марапаттау және мадақтау жұмыстарының жүргізілуі.

Лицейде оқу-тәрбие саласында үздік деп танылып көзге түскен оқушылар үнемі назардан тыс қалмай марапатталып отырады. Мақсаты оқушыларға тамаша көңіл күй сыйлап, алдағы істеріне шабыт беру. Жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының облыстық, республикалық кезең жүлдегерлеріне арнайы сый-құрмет көрсетіледі. Лицей түлектерінің ассосациясының атынан марапаттаулар жасалынған. Атап айтсақ, республикалық, халықаралық олимпиадасының жеңімпаздарын Ташкент қаласына саяхаттауға жіберілген.

 Оқушылардың бойында жоғары адамгершілік құндылықтарының қалыптастырылуы

Лицейде сапалы біліммен қатар, оқушылардың бойына саналы тәрбие беру жұмысы жүйелі жолға қойылған. Құндылықтарға негізделген мектеп жобасы бойынша  оқушылардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттер оқу-тәрбие жүйесі барысында сіңіріліп келеді. Лицейдің әкелер кеңесінің қолдауымен қайырымдылық акциялары өткізіледі. Лицей түлектерінің ассосациясының атынан ауыл балаларына арналған «Зейін» лагері өткізілген.

Денсаулық сақтау және еңбек ету, салауатты өмір салтын насихаттау технологияларының тиімді қолданылуы.

Сыныптан тыс спорттық жұмыстар баланың спортқа деген ынтасын арттыратын, баланы дұрыс та сауатты демалуға үйрететін, өз ойын жүйелі түрде дамытатын ең керекті əдіс. Спорт оқушылардың бойында күш, ептілік, төзімділік секілді моральдық-ерік сапаларын дамытудың тиімді құралы болып табылады. Спорттың тəрбиелік құндылығы мектепте оны дұрыс ұйымдастырған жағдайда жəне оны өткізудің дұрыс əдістерін қолданғанда ғана тиімді болмақ. Оқушылардың денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуы үшін оқу мерзімі кездерінде лицейде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Лицейде оқушылардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бойларын сергек ұстауына жағдайлар қарастырылған, спорттық секциялар жұмыс жасайды. Футбол сағаттары, арнайы волейбол уақыты қойылған. Сабақтан тыс уақыттарында шұғылдануға мүмкіндік мол. Салауатты өмір салтын сақтау мақсатында  мамандарымен кездесу  өткізіліп тұрады.

      Оқушылардың бойында жиіркенішті, зиянды, жаман әдеттердің алдын алу жұмыстарының жүргізілуі

         Оқушылардың бойында жиіркенішті, зиянды, жаман әдеттерді болдырмау үшін алдын алу жұмыстар жүргізіліп келеді.  Сынып жетекшілері жыл көлемінде «Зиянды әдеттерден аулақ бол»,  «Ұрлық түбі — қорлық», «Тыйым сөздер – тәрбие көзі», «Өз құқығыңды біліп өс», «Заңды білу – заман талабы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізеді. Сонымен қоса, ата-аналар айына 2 рет сыныптарда түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткізілген.

     Ұстаздарды кәсіби жетілдіру бойынша мектеп жоспарының құрастырылуы

Деңгейлі курс пен тағылымдамадан өткен мұғалімдер мектеп ішінде тәжірибе бөлісуі

Оқыту мен оқудың заманауи әдіс-тәсілдерін өзара іс-тәжірибеде бөлісу мен алмасуға бағытталған орта құру мақсатында ынтымақтастықта жұмыс істеу үшін  «Lesson planning hour»  шығармашылық тобының 2022-2023 оқу жылына арналған жылдық жоспары құрылған. Шығармашылық топ лицейдің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған, сабақты жоспарлау, сабаққа жаңа әдіс-тәсілдер еңгізу арқылы  ғылыми — зерттеу және тәжірибе – байқау жұмыстарын жүзеге асырады. «Lesson planning hour» топтардың жетекшілері болып ғылыми – ізденімпаз ұстаздар, деңгейлік бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдер сайланған.

  1. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі: Азимова Назира Туралиевна
  2. Орыс тілі, әдебиеті және түрік  тілі пәндері мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Баймуратова Зинаида Жакиевна 
  3. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Төлемісов Бекназар Ерланұлы
  4. Математика, информатика пәндері мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Нұрлыбай Нұрхан Амандықұлы
  5. Физика, биология, химия пәндері мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Абдешев Қуандық Серікқалиұлы
  6. Тарих және география пәндері мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Батыргалиева Айгулим Габитовна
  7. Дене шынықтыру және АӘД пәндері мұғалімдерінің бірлестігі, жетекшісі Туртонов Абылайхан Изатуллаевич

           Биылғы оқу жылына  1 деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім, лицей тренері З.Ж.Баймуратова мен 2 деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім А.С.Валиева «Сабақты зерттеу арқылы оқыту тәжірибесін қалай жетілдіруге болады» тақырыбында коучинг өткізіп, іс-тәжірибеде пайдалануға кеңес берді. Коучинг мақсаты: LessonStudy – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Studyді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және оқуды талдауын көздейді; Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету. 

             Тарих пәнінің мұғалімі А.Г.Батыргалиева, З.Ж. Баймуратова, С.Ө.Қалбек  «Оқу үрдесіндегі қалыптастырушы бағалаудың маңызы» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: қалыптастырушы бағалауды әр сабақта тиімділігін арттыру, оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім — оқушы арасында кері байланысты орнату.Семинар барысында практикалық жұмыстар орындалып, өзара тәжірибе аламасты.

«Саралау тапсырмаларын қолданудың тиімділігі», «Сабақта қолданылатын заманауи құралдар», «Modern instruments in the classroom. Khan Academy and Classcraft», «Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері» коучинг, семинарлар өткізу жоспарланған.

Басқа мектептермен тәжірибе алмасу іс-шараларының жүргізілуі

         Лицей-интернаттың әкімшілігі 2019 жылы 22 мамырда  Қ. Жұбанов атындағы университетпен келісімшарт , 2022 жылдың 28 қаңтарында Ақтөбе облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру «Өрлеу» орталығымен Меморандум және Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталықтармен жұмыс жасайды.  Биылғы оқу жылында  Батыргалиева Айгулим Габитовна Павлодар қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ ұйымдастыруымен өткен КБО финал турында келген оқушыларға олимпиадаға дайындық бойынша  Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жүргізсе,   Базаргалиева Баян Темиржановна  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен өзінің іс-тәжірибесін көрсетсе,  «Цифрлық сауаттылық-уақыт талабы» тақырыбында физика пәнінің мұғалімдері Ахатов М.Б., Жұбан М.Қ., Исенгалиев А; химия пәні мұғалімі Ахметов С.Қ. математика пәні мұғалімдері Нурлыбай Н, Курманбаев А, Джалгасбаев Б, Сабитов А, Қайыров К  облыстық семинарда (ШЖМ), география пәні мұғалімі Қалбек Санзира Өмірзаққызы «Оқушылардың дарындылығын жоба негізінде дамыту» тақырыбымен  «Жаңартылған білім беру бағдарламалары аясында дарындылықты дамыту технологиясының əдістемелері» тақырыбындағы облыстық əдістемелік вебинарда өз іс тәжірибесін  көрсеткен.

  Қазіргі таңда Облыстық білім басқармасының ШЖМ үшін жасалып жатырған «Bilim All» республикалық жобасына (онлайн) лицейдің ағылшын тілі мұғалімдері Касенова Г, Жаканова Г, математика пәні мұғалімі Қайыров Қ ауыл балаларына сабақ беруде. 

BIL BOOKING жобасы (оқуға құштар мектеп)

2021 жылдың қазан айынан бастап, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Джалгасбаев Б бастамасымен «BIL BOOKING» жобасы кеңейтілген форматта жүзеге асырылуда. Жоба мақсаты  оқушылардың оқу мәртебесін, оқу белсенділігі және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық, ұжымдық, кітап оқу дәстүрін жаңғырту және жалпы лицейдің интеллектуалды әлеуетін арттыру.

Жоба үш бағытта жасайды: оқушы, ата-ана, мұғалім. Оқуға құштар мектептің бұрышы бірнеше жерде орналасқан.  Лицей оқушылары,  ата-аналармен, мұғалімдермен кітап оқуды талқылау кеңінен таралған. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай кітаптар тізімі жасалған. Берілген тізім бойынша әр сынып 1 кітап таңдайды. Күніне 30 минут уақыт бірге оқиды. Апталық, айлық талқылаулар жүргізілген. Оқушылар топтарға бөлініп рецензия, презентация, көрініс, буктрейлер дайындайды. Кітаптар  қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілінде бар. Нәтижесі https://www.instagram.com/bilreaders/?igshid=YmMyMTA2M2Y%3D жарияланған.

Мұғалімдер арасында  педагогикалық, мотивациялық, қазақ көркем әдебиеті бойынша кітаптар оқып, оқылған кітаптары бойынша тест тапсырылған. Нәтижесінде мамыр айында 20-30 кітап оқыған 5 ұстазға Ташкент қаласына жолдама берілген. Телеграмм каналында ұстаздарға челлендж жүргізілген. Қыркүйек айынан бастап, кітап оқу жалғастырылған, күніне 15 бет оқу, нәтижесі  31 қазанда жарияланып, 3 мұғалім ақшалай сыйлықпен марапатталып, әрі қарай жалғасуда. /толық ақпарат Telegram каналымыздан көруге болады: https://t.me/bilbookingaqtobe /

   «BILIM TALKS» жобасы

 Жоба мақсаты мен міндеті құндылықтарға негізделген білім беру жобасын дамыту; оқушылар арасындағы тәжірибе алмасудың жаңа форматын еңгізу; оқушыларға сахнада сөз сөйлеу және өзін еркін ұстау әдебін үйрету.

BILIM TALKS ұйымдастырушылары Джалгасбаев Базарбек, Жұбан Махамбет, Боранбай Бекзат. Бұл жобаға «Білім-Инновация» лицейінің әкімшілігі, мұғалімдері, тəрбиешілері, педагог емес қызметкерлері, ата-аналары, түлектері, мектептегі тəрбие мен оқуға тура жəне жанама қатысы бар кез-келген тұлға. Жобаның өз ережелері бар. Қатысушылар өз мектебінде құндылықтарға негізделген білім беру бойынша жинақтаған тəжірибелерімен немесе өз өмірінде орын алған, басқаларға үлгі болатын тағылымды оқиғалармен бөліседі. Жобаның ережесі жасақталған.  

 

Психологтың жұмысы жүйелі жүргізілуі

        Ақтөбе облысының  білім басқармасының 2021 жылғы 17 маусымдағы №165 бұйрығы, 2021 жылғы 31 тамызындағы №234 бұйрығы негізінде жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру туралы бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы 11 маусымдағы №789 қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы» үлгілік ережесі  бойынша Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей – интернатында мобильдік топ құрылды және психологиялық қызметті есепке алудың электронды журналы бойынша жұмыс жүргізілуі басталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы басшылыққа алынып, психологиялық қызмет жұмысының жылдық жоспары бекітілген. Психологиялық қызмет жұмысының  жоспарына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілген:

     Бекітілген жоспар бойынша 2022 жылдың қыркүйек айының 21-27 аралығында агрессия дәрежесін анықтау мақсатында 7-11 класс аралығында Басса-Дарки әдістемесі онлайн форматында алынды. Қортындысында шекті және нормадан ауытқушылық жағдайлар анықталмаған.

        Қыркүйек айының 3-4 аптасында   7 класс оқушыларының  темперамент  типтерін  анықтауға  арналған «Темперамент  формуласы» тесті  (А. Белов бойынша) жүргізілді. Диагностика  қорытындысында жалпы 7 класс   ұжымында  «сангвиник» — 40 %,  «флегматик»- 40 %, «холерик»-12% «меланхолик»- 8 %   типіндегі оқушылар анықталды.  Білім беру барысында жалпы  оқушымен қарым-қатынас жасауда  жеке тұлғалық қасиеттерін ескеру пән мұғалімдері мен класс жетекшілерге ұсынылған және оқушыларға арнайы ұсыныстар беріліп, нәтижелері таныстырылған.

        2022 жылдың қазан айының 18-23 аралығында  8 – 11 класс аралығында стресс, депрессия, мазасыздық  деңгейін  анықтау мақсатында оқушыларға DASS  сауалнамасы  өткізілді. Қорытындысында шекті жағдайдан ауытқу белгілері анықталмаған . Оқушылардың танымдық деңгейлерін анықтай отырып дамыту мақсатында 7 класс оқушыларынан 2022 жылдың қыркүйек айының 22-27 аралығында  естің түрлерін анықтауға арнайы әдістемелер жүргізілді. Нәтижесі анықталып оқушыларға ұсыныстар берілді. Арнайы дамытуға арналған жаттығулармен есті жаттықтыруға кеңестер беріліп,класс жетекшілеріне  таныстырылған.

       2022 жылдың қараша айының 8-17 аралығында   7-8  класс оқушыларына «Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама» /Н.Г.Лусканов бойынша/ өтіліп, қорытындыланды. Сауалнама барысында 7 класс оқушыларынан оқу мотивациясының жоғарғы деңгейі -24%, ортаңғы қалыпты деңгейі- 44 %  және ішкі  мотивациясының басымдылығы — 32 % , ал 8 класс оқушылары оқу мотивациясының жоғарғы деңгейі -12%, ортаңғы қалыпты деңгейі — 24%  және ішкі  мотивациясының басымдылығы — 64 %  екендігі анықталды, ал оқу мотивациясының  төменгі деңгейі тән оқушылар  анықталмаған. Нәтижесіне байланысты оқушыларға, класс жетекші, пән мұғалімі мен ата-аналарға арнайы ұсыныстар беріліп, таныстырылған.

        Осы оқу жылының 1 тоқсанында 7 класс оқушыларынан жоспар бойынша депрессия деңгейін анықтауға арнайы жеңілдетілген ЗУНГ сауалнамасы алынған. Нәтижесінде депрессия жағдайына бейім, жақын болған оқушылар анықталмады. Оқушылардың бейімделуіне байланысты ұсыныстар беріліп, оқушыларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

       Қыркүйек айының соңғы аптасында 7 класс оқушыларына «Мен қарым-қатынас жасай аламын» воркшобы өткізілді. Воркшоптың мақсаты оқушылардың бойынан қарым-қатынас дағдыларын, яғни жұмсақ икемділіктерін (гибкие навыки) дамыту, олардың артықшылықтарымен танысып, дағдылануға баулу. Өзара тиімді қарым-қатынас құрып, жақынырақ танысып-білу, достық, сау қарым-қатынас құруға бейімдеу. Воркшоп барысында бейнероликтер көріп, тақырыпты сұрақ-жауаптар арқылы талқылап, бірнеше дамыту жаттығуларын (Есімім+мен туралы ешкім білмейтін қасиет, «Достар арасындағы диалог») орындаған. Оқушылардың достық, татулық, мейірімділік, эмпатия көрсете білу қасиеттерін дамыту барысында 7-8 кластарға қазан айынның 4-14.10.2022 ж. аралығында «Достық картасы » жаттығулары жүргізілген.  Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, алған әсерлерін жеткізген.

         І тоқсан соңында  диагностикалар нәтижесіне байланысты оқушылармен «Эмоциолар әлемі» тақырыбында воркшоп жүргізілді. Воркшоп мақсаты бала бойындағы қысымды, мазасыздық пен алаңдаушылықтың алдын алып, сергіту мақсатында жүргізілген. Жалпы эмоция түрлерін тани білу дұрыс қарым-қатынас құра білуге, өзін-өзі көрсете білуге, реттеуге, мәселелерді шеше білуге дағдыландырады, дамытады. Воркшоп барысында әдеттегідей бірнеше жаттығулар мен қызықты тапсырмалар, пайдалы ақыл-кеңестер алды.(Түймедақ жаттығуы, «Менің бүгінгі көңіл-күйім» арт терапиясы , «Эмоцияны түсіну» жаттығулары жүргізілгенін көруге болады.

        2022 жылдың 5-10  қыркүйек аралығында 7-11 кластарда ата-аналар жиналысында   8 а класс ата-аналарына «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында воркшоп жүргізіліп,    балаларының қазіргі жас ерекшеліктеріне тән қасиеттерін ескере отырып дұрыс қарым-қатынас жасай білуге бағыт бағдар беру және  балаларының сүйікті істерінен қаншалықты хабардарлығын анықтайтын тапсырмалар беріліп талқыланған.

        

       Мектепте оқушыларға сауалнамалар жүргізілуі (мектеп туралы пікірлерін есепке алу) қанша және қандай

«Дебат» үйірмесінің оқушылары 2021жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған облыстық дебат турнирінде өте жоғары нәтиже көрсетті. Осы оқу жылының қазан айында ағылшынша дебат үйірмесінің қатысушылары Республика күні қарсаңында №21 мектеп-гимназия оқушыларымен жолдастық турнир ұйымдастырған. 2022 жылдың қазан айының 22-23 күндері 7-8 сынып оқушылары мини футболдан республикалық турнирдың батыс аймақтық кезеңінде жеңіске жетсе, Ұлттық мектеп лигасы шахмат жарысынан Ким Артур, Абдуллин Азиз жүлделі 3-орынды, лицей құрамасы 1-орынды иеленді. Қазан айының 14-і күні «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңінде 7-8 сыныптар арасында «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты») кітаптары бойынша Серіков Еділ – 3 орын, Серікғали Ғани – 3 орын, Наурызғали Бекнар – грамотамен мараппатталды. Оқушылардың жан жақты дамуына өте жақсы ықпал жасайтын республикалық «Елбасы медалі» жобасына да көптеген оқушыларымыз қатысып соңғы уақытта Өтениязов Нұрбол, Баймұхан Төрежан, Сарсенғали Даниял, Төлеген Бекзат бір жылғы еңбегінің нәтижесі күміс медаль иеленген.

Мұражай, көрмелерге саяхат

Рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды зерделеу арқылы қалыптастыра аламыз. Осы мақсатта лицей оқушылары қаламыздағы мәдени орындарға саяхат жасап тұрады. 7-8,9-11 сынып оқушылары облыстық мұражайларға барып тарихы мол, мәдениетке, өнерпаздыққа шығармашылыққа, білімге, қызыққа толы ортаға саяхаттап қайтты. 2022 жылдың тамыз айында Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары еліміздің қасиетті меке  Түркістанға, содан әрі Ташкент қаласына барып рухани азық алып, демалып қайтты. 2022 жылдың жаз айында 10 сынып оқушылары Ақтау қаласына барып, сол өңірдің ерекше табиғатымен, жер бедерімен танысты.

Оқушылардың мәдени, әлеуеттік, рухани дамуы

Лицейімізде құндылыққа негізділген тәрбие беру ісі жолға қойылған. 2022 -2023 оқу жылының алғашқы айы еңбекқорлық айы деп бекітіліп, әр аптасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар түрлі креативті постерлер дайындады, тәрбие сағаттарын өткізді, әкелермен бірігіп құстарға ұя жасады. Отбасы күніне қарсы 7-8 сынып ата-аналарымен спартакиада өтті.  Қазан айы – құрмет айы болды. Бұл айда да оқушылар ұстаздарға, аспаздарға кіші қызметкерлерге құрмет, көмек көрсетті. 10 сынып оқушылары інілеріне құрмет ретінде 7 сынып оқушыларына караоке, Brain Rain ойынын ұйымдастырды, мерекелік кеш жасады.

Аталғандардан бөлек 7-11 сынып ата-аналары еліміздің тәуелсіздігі жолында құрбан болған қазақ зиялыларының есімін дәріптеу мақсатында театрландырылған көріністер қойды. Бұл шара оқушыларымызға қатты әсер қалдырып, тарихымызды терең түсінуге көмектесті. Жыл бойында ата-аналарымыз тәрбие сағаттарын ұйымдастырып, балалардың лицей өміріне, тәрбиесіне үдкен үлестерін қосып келеді. 

 

Кітап оқу сағаттары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітіліп, 4 бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Ұсынылған кітаптардың ішінде еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің үздіктері, қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары бар. Мақсаты оқырман өзін-өзі жетілдіріп, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастырады.  Лицейде кітап оқуға көңіл бөлу дәстүрлі түрде жалғасын табуда. Оқушылар күніне 1 сағат уақыттарын кітап оқуға арнайды. Кітап оқу уақытын күнделікті сынып тәрбиешілері мен тәрбиешілер назарда ұстайды. Қолға түскенін емес, әбден таңдап-сараптап оқуға кеңес береді. Кім қандай кітап оқып жатыр, күніне қанша бет оқитыны ол әр сыныптың ішкі ережесімен жасалынады. Атап айтатын болсам, 10-11 снып оқушылары сынып болып бір кітапты таңдаса, 7-8 сыныптар жекелей таңдап, нәтижесін ортаға салып талдау жасайды. Жалпы 2021-2022 жылда 10 А сынып оқушылары ұстазымен кітап оқуды өте жақсы жүйеге келтірді. Сынып болып бір кітіп оқып, оны PBL форматында постер, рецензия, түрлі видеороликтер жасау арқылы қорғады.  Кейбір кітап авторларымен, белгілі тұлғалармен зум арқылы кездесіп, кітапты талқылады, ой бөлісті. Кейін бұл жобаны 9 сынып, одан кейін 8 сынып жалғастырып әкетті. Кітап оқудың бұл тәртібі жақсы қалыптасқаны соншалық ата-аналар арасында да ұйымдастырыла бастады. Және қолдау тауып, өте жақсы нәтиже беріп жүр.

 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып келе жатқан «Кітап спейс» онлайн жобасына лицей оқушылары белсене қатысып келеді. «Кітап спейс» қосымшасын үздіксіз қолдану арқылы күнделікті кітап оқу дағдысын қалыптастыруда белсенділік танытып келді.

Ұстаздар арасында да кітап оқу жүйеленген. Алғашында ұстаздарға 3 түрлі кітаптар ұсынылып, сол бойынша тест жазп, жеңімпаздар анықталды. Сонымен қатар ұйымдастырылған челлендж әлі де жалғасып келеді. Ұстазадарымызға күніне кем дегенде 15 бет оқу ұсынылды. 1 күн қалдырмай оқып жүрген мұғалімдер тоқсан соңында ақшалай сыйлықтармен марапатталып жүр.

Оқушылар үшін ҚР заңнамасы, ұлттық бағдарламалары, Мәңгілік ел, Рухани жаңғыру, 100 нақты қадам насихаттау, құрметтей іс-шаралар жоспарланады, өткізіледі.

         Білім беру – бұл тәрбие мен оқытудың біртұтас жүйесі, бұл екі құрамдас бөлікті бөлуге болмайды. Құнды және жеке тұлғаға бағытталған тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесі алдында ұлттық сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғарғы деңгейіндегі, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар тұлға дайындау міндеті тұр. Лицейімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жұмыстар атқарылып келеді. 25 қазан — Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік —  елімнің еркін жолы» кітап көрмесі, 11 сыныптар арасында «Қазақстан – достық мекені» дөңгелек үстел, «Патриотизм дауысы» гимнді жаппай орындай, Қазақстан Республикасының меклекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына байланысты «Менің туым- менің Қазақстаным» атты рәміздерді дәріптеу бойынша сайыс сабақтар, «Тұғыры биік – Тәуелсіз Қазақстан» пікірсайыс турнирі өтті.

Оқушыларды мамандану мен бейінді оқыту үшін жағдайлардың қамтамасыз етілуі.

     Лицей –интернатта кәсіптік бағдар беру бойынша –химия пәні мұғалімі Ахметов Сұлтан қызмет атқарады. 2022 жылы  курстан өтіп сертификатын алған. Кәсіптік бағдар беру бойынша оқушы, ата-анамен жұмыс жолға қойылған. Жұмыс жоспары жасалынған. 10-сынып оқушыларымен RSI MIT, Pioneer Academics, Rise бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілген. Лицей- интернатқа АР курстарын жүргізуге рұқсат берілген және АР, SAT халықаралық тесттері бойынша орталыққа айналған

 

Олимпиадаға мен ғылыми жобаға дайындық жұмыстарының жүргізілуі

Лицей- облыс аумағындағы математика-логика пәндеріне қабілетті оқушыларды іріктеп алып, оларға тереңдете білім беру бағытында жұмыс жасайды. Оқушылардың дарындылығын анықтау мен жетілдіруге бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізілген. Лицей-интернатта дарынды балалармен жұмыстың жылдық жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы  № 514 бұйрығы негізінде және «Дарын»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сүйене отырып жасалынған.

  Дарынды балаларды анықтау және қолдау, дарындылық түрлерін дамыту және оқушыларды түрлі деңгейдегі білім олимпиадалары мен ғылыми жарыстарына қатыстыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілген. Лицей оқушылары үшін әр пән бойынша олимпиадаға дайындық бөлмелерімен қамтылған. Оқушылармен жекелеген ұстаздары тығыз байланыста. Мұғалімдер өздерінің олимпиада оқушылармен сұхбат жүргізіп отырады,  шығармашылық  жұмыстармен  айналысады.  Лицей-интернатта 172 оқушы олимпиадаға қатысады, яғни барлық оқушының 67% құрайды.

Жыл басында лицейге оқушылар 7-сыныптан  қабылданатындығын ескере отырып, 7 «А», 7 «Ә» сынып оқушыларының дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, пәндік бейіндіктерін анықтау барысында психодиагностикалық  сауалнама алынып, 52 оқушы бейіндік пәндеріне қарай бөлінді.

Математика — 8 оқушы, физика — 6 оқушы, химия – 5 оқушы, информатика — 7 оқушы, биология — 5 оқушы, география — 4 оқушы, қазақ тілі — 5 оқушы, тарих -5 оқушы, құқық- 1 оқушы, орыс тілі — 3 оқушы, ағылшын тілі- 3 оқушы.

Лицейде олимпиадаға дайындық қалай жүргізіледі?

«Алтын балалар» ғылыми қоғамы 1997 жылы құрылған. «Алтын балалар» ғылыми қоғамы зерделі шәкірттердің бойындағы таланттарын дамыту ісін бағыттап, басқарып отырады. Бүгінгі таңда «Алтын балалар»  ғылыми  қоғамының  қанжығасында 762 алтын, 834 күміс, 918 қола, барлығы – 2514 медаль бар.

Апта ішінде сағат 17:00-18:00 аралығы міндетті олимпиадаға пән мұғалімдері оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындайды, қажетті әдебиеттермен жұмыс жасауға баулиды. Сонымен қатар жоғарғы сыныптардың сабақ беруі және оқушылардың өздері дайындалуы негізінде де жүзеге асырылады. Жаратылыстану бағытындағы және гуманитарлық бағытындағы олимпиада оқушыларымен ынталандыру іс-шаралары өткізіліп тұрады. Тоқсанаралық демалыс кезінде (02-05 қараша) Батыс аймақтық және өз мектебімізде олимпиадаға дайындық камптары өткізілген. «Білім-инновация» ХҚҚ ұйымдастырған дайындық сабақтарына лицейімізде жоғары нәтиже көрсетіп жүрген оқушыларымыз қатысқан.

Мектеп әкімшілігі шығармашылық жұмыстар бойынша барлық мәліметтерді сараптайды, құрылымдардың жұмысына бақылау жасап, жұмыстың сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Мектеп оқушылары қатынасқан барлық жарыстар ұжым арасында талқыланып, оған баға беріледі, кемшіліктерді түзету бағытында тиісті шаралар алынған. Осылай ұйымдастырылған жоспарлы жұмыстар жақсы нәтижелер беруде. Осы принциптерді басшылыққа ала отырып  дарынды балалардың қабілеттерін  ашуда  мектеп мұғалімдері жүйелі жұмыстар жасап, бірлестіктер мәселесіне сай дарынды және қабілетті оқушыларға  жол  ашу, болашақ ғалымдарды тәрбиелеу мақсатымен олимпиада және ғылыми жоба жарыстарына дайындау жұмыстарын жыл бойы жүргізіледі. Оқушыларды  ынталандыру мақсатында республикалық, халықаралық олимпиадалардан орын алған оқушыларға Түркістан, Шымкент және Ташкент қалаларына саяхаттар ұйымдастырылған.

«Ақтөбе-Дарын» ӨҒТҚББО-ның ұйымдастыруымен облыс оқушыларының республикалық және халықаралық олимпиадалары мен сайыстарына қатысу нәтижесін нығайту, облыстың олимпиадалық командасын дайындау және анықтау жүйесін дамыту мақсатында  облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің оқу-жаттықтыру жиыны Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының негізінде өткізіледі. «Жалын» олимпиадалық резерв мектебіне лицей оқушыларыда  құрамына енген.  

БҒМ «Дарын» РҒПО 20121-2022 оқу жылында өткен Республикалық олимпиада нәтижелерінің негізінде  мектептер рейтингісін анықтаған. Медаль саны мен сапа коэффициентін ескере отырып жасаған рейтинг нәтижесінде «Білім-инновация» лицейі  22 медальмен, атап айтсақ, 6 алтын, 6 күміс, 10 қола иеленіп, үздік үштікке енген.

 

ЖОО-мен байланыстың орнатылуы

      Орта буын оқушылары арасында олимпиада резервін дайындау үшін жоғары оқу орындарының тәжірибелі оқытушыларымен тығыз байланыс орнатылған, ізденімпаз оқушыларға ғылыми жетекшілер бекітілген.         

Ғылыми жұмыстармен айналысушыларға алдымен қосымша сабақтар, арнаулы курстар ұйымдастырылғанын көруге болады.

        Дарынды балалармен жұмыс жасауда лицей Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетімен тығыз байланыс орнатқан. 2022 жылғы 3 қазан айының № 46 бұйрық негізінде лицей Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мұғалімдеріне оқу жоспарының вариативті компонентінде шарт негізіндегі жоғары білікті мамандардың жеке курстары мен лекцияларына ақы төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат бөлінген.  Оқытушылар ғылыми жоба жұмысында ең үздік деп танылған  оқушыларға   жетекшілік жасайды,  пәндік  олимпиадаларға  дайындалуға  көмек  көрсетеді.